Жаңалықтар
Утильалымнан түскен қаржы Қазақстандағы орман өртін анықтау жүйесіне жұмсалуы мүмкін
Фото: Колеса
Бұл туралы Ашық-нормативтік құқықтық актілер порталында Экология министрлігінің қаулы жобасында айтылған, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Шілдеде премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізуді және питомниктерді салуды тапсырды. Оны орындау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі 37 миллиард теңге қажет деп есептейді. Оның 24 миллиарды- өртті ерте анықтау жүйесіне, ал 13 млрд теңге орман питомниктерін салуға бағытталады.
Қаулы әлі қабылданбады. Құжат порталда 12 қарашаға дейін жария талқылауда болады.