Жаңалықтар

Ұялы байланыс қымбаттайды: 2026 жылы тарифтер 15-20% өседі

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары 2026 жылдан бастап тарифтерді қайта қарауды жоспарлап отыр. Beeline, Tele2/Altel компаниялары баға өсетінін растаса, Kcell әзірге нақты шешім қабылдамаған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы тарифтердің қаншалықты қымбаттайтынын анықтаған Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Beeline Kazakhstan президенті Евгений Настрадин компания 2026 жылдың қаңтарынан бастап бірқатар тарифтердің құнын өзгертетінін растады. Баға өсімі шамамен 15-20% болады деп күтілуде.

Өсім тек нарықтағы орташа деңгейден төмен тарифтерге қатысты. Абоненттер өзгеріс туралы 30 күн бұрын хабарланбақ.

Мысалы:

  • Mega 5999 тарифі өсімнен кейін 6 899-7 199 теңге болады.

  • Mega 7999 тарифі 9 199-9 599 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Tele2/Altel операторлары да тарифтердің қайта қаралатынын мәлімдеді. АО «Мобайл Телеком-Сервис» басқарма төрағасы Александр Бабичевтің айтуынша, негізгі себеп – интернетке деген қарқынды сұраныс, ал инфрақұрылым бұл өсімге ілесе алмай жатыр.

Олар 2026 жылға бюджет жоспарлау үстінде және НДС өсімі мен инфляцияны ескеруде. Тарифтердің болжамды өсімі – 15-20%.

Бағалар шамамен келесідей өзгереді:

  • Pro 4 632 тг → 5 327-5 558 тг

  • Max 5 992 тг → 6 891-7 190 тг

  • Unlim 9 192 тг → 10 571-11 030 тг

Kcell компаниясының өкілдері тарифтерді көтеру туралы нақты шешім әзірге жоқ екенін айтты. Компания салық өзгерістерінің әсерін зерттеп, бірнеше сценарийді қарастыруда. Қажет болған жағдайда абоненттер алдын ала хабарландырылады.

Операторлар бағаның қымбаттауын бірнеше фактормен түсіндіреді:

  • электр энергиясы шығындарының өсуі – бір жылда 6,5 млрд теңге;
  • НДС өсімінен кейінгі салықтық жүктеме артуы;
  • валюта бағамының тұрақсыздығы – қосымша 3,7 млрд теңге шығын;
  • интернет-трафик тұтынуының күрт өсуі – соңғы 9 жылда 36 есе артқан.

Компаниялар желіні кеңейтуге, базалық станцияларды, дата-орталықтарды және кэш-серверлерді салуға мәжбүр.

Сарапшылардың болжамынша, 2026 жылы ұялы байланыс тарифтері орта есеппен 15-20% қымбаттайды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button