Жаңалықтар

Ұятын-ай, халық аш, тамаққа емес: Apple Fest фестивалінде фотостендті келушілер бір сағатта жоқ қылған.

Фото: видеодан скриншот

15 қыркүйекте Тұңғыш Президент саябағында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ұранымен Apple Fest фестивалі өтті. 

Фестиваль аясында ауқымды шаралар, оның ішінде әр түрлі жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Шара барысында жасалған фотостендті келушілер бір сағатта жоқ қылған, деп хабарлайды qandastar.kz.

@даулеттен әлеуметтік парақшасында осы жағдайға байланысты жазба жариялаған.

фото: ашық дереккөз

«Ұятын-ай, халық аш. Тамаққа емес, руханиятқа, тәртіп пен тәрбиеге аш. Алма тақырыбындағы фотостендті келушілер бір сағатта жоқ қылған. Видео Алматыда ұйымдастырылған  Apple Fest  фестивалінде түсірілген, — деп жазды депутат.

Фестиваль ұйымдастырушыларының айтуынша, инсталяцияны жасауға екі сағат уақыт кеткен. Бірақ келушілердің қолымен бір сағатта ғана жоқ болған көрінеді.

Волонтерлар тегін алма алмақ болғандардан фотостендті қорғай алмаған.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты әр түрлі пікір қалдыруда. «Осы алмаға мұқтаж жан емеспіз. Базарда самсап тұр. Әттең бұл біздің менталитет. Тегін десе тегін ойламай, шаба жөнелетін қасиетімізден арылсақ, біздей текті ұлт болмасы анық » деп даттаса, енді бірі «Алуға болмайды десе, ешкім алмайды ешкім» деп ақтап алуда.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close