Instagram әлеуметтік желісінің қолданушысы Temu қосымшасындағы сәтсіз тапсырыстарымен бөлісті, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы.
Steppe.daily парақшасында жарияланған видеода автор тапсырыс берген интерьерлік құмыраның орнына кшікентай ойыншық келгенін айтады.
«Гүл саламын деп алған вазам ваза болмады. Үлкен айна тапсырыс берген едім оны да қатырмапты. Кәдімгі кішкентай қол айна келіп тұр», — дейді ол.
Пікір қалдырушылар мұны қалжыңға айналдырған.
«Мұны сен Барби қуыршағына сатып алдың ба?», «Сөмкеде алып жүруге ыңғайлы ғой», «Temu не керек екенін жақсы біледі», — деп жазған желі қолданушылары.

