Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Венесуэла президентінің спорттық костюмі АҚШ-та трендке айналды

Венесуэла президенті Николас Мадуро ұсталған сәтте киген делінетін спорттық киім АҚШ-та күтпеген жерден үлкен сұранысқа ие болды. Әлеуметтік желілерде тараған кадрлардан кейін сұр түсті Nike Tech Fleece костюмі бірнеше күн бойы қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Global_bishkek парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Блогерлердің айтуынша, «Мадуро стиліндегі» спорттық костюмдер сатылымға шыққаннан кейін санаулы сағат ішінде толықтай өтіп кеткен.

АҚШ-тағы блогер әрі музыкант Фрэнк Нитти әлеуметтік желідегі жазбасында: «Бізде Nike Tech Fleece жайлы көп айтылады. Бандалардың мүшелері де, есірткі сатушылар да дәл осындай костюм киеді», — деп пікір білдірді.

Фотолардың таралуы Nike брендінің сатылымына тікелей әсер еткен. Nike-тың АҚШ-тағы онлайн-дүкенінде аталған модельдің көпшілік өлшемдері мен түстері бірнеше сағат ішінде таусылып қалған. Ал түрлі маркетплейстерде бұл спорттық костюмді шамамен 90 АҚШ долларына сатып алуға болады

Ұқсас Мақалалар

Back to top button