Әлем жаңалықтары

Венецияны су басты

Венеция жауын салдарынан су астында қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің мәліметіне сай, өңірдегі су деңгейі 127 сантиметрге жеткен. Толассыз жаңбыр кесірінен қала орталығындағы көптеген нысандарды су басыпты. Олардың арасында танымал Әулие Марк шіркеуі де бар. Жалпы, жауын азабын Венециядағы жаяу жүргіншілер де тартып жатыр. Тізеден асатын суға шылқымас үшін олар резеңке етік киюге мәжбүр.

Жалпы мамандардың айтуынша, Венецияда су тасқыны сирек кездесетін құбылыс емес. Оған көбіне толассыз жаңбыр мен теңіз суының көтерілуі себеп болады екен.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close