2,5 млн жұмысішінде Қазақстанда шамамен 2,5 миллион жұмысшы автоматтандыру салдарынан қауіп аймағына түсуі мүмкін. Оның ішінде 1 миллионға жуық адам — жасанды интеллектті (ЖИ) енгізудің тікелей әсерінен. Бұл туралы Сенат кулуарында Цифрлық даму және жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді, деп хабарлайды
Мунның айтуынша, үкімет ауқымды қайта даярлау бағдарламасын дайындап жатыр.
«Бізде 2029 жылдың соңына дейін жасанды интеллектпен жұмыс істеуді меңгеруге арналған бір миллион азаматты оқыту жоспары бар. Қазірдің өзінде репетиторлар, коучтер мен сала мамандары дайындаған алғашқы тегін бейнесабақтар қолжетімді», — деді ол.
Вице-министр атап өткендей, автоматтандыру еңбек нарығын түбегейлі өзгертеді: кейбір мамандықтар жоғалып, жаңа кәсіптер пайда болады.
«Бір мамандықтың сақталатыны анық, ол бағдарламашылар. Оларға ЖИ-дан қорқудың қажеті жоқ, керісінше, ол олардың өнімділігін арттырады. Егер бұрын әзірлеуші сайтты екі аптада жасаса, енді ЖИ көмегімен оны бір күнде аяқтай алады», — деп түсіндірді Мун.
Айта кетейік, Сенатта жасанды интеллект туралы заң жобасының кейбір нормалары қолдау таппады. Осыған байланысты үкімет технологиялық өзгерістерге бейімделу және кадрларды оқытуға басымдық беріп отыр.



