Жаңалықтар
Вице-премьер: Ақтаудағы ұшаққа оқ атылған болуы мүмкін бе, жоқ па, сараптама анықтайды
Фото: ашық дереккөз
Вице-премьер Қанат Бозымбаев таралған ақпаратқа қатысты осылай деп жауап берді, деп жазды qandastar.kz
“Ұшақ жерге құлап, аударылып жатқанда, көп нәрсе болуы ықтимал. Сондықтан мен қорытынды жасаудан аулақпын. Сараптама мамандарына жұмыс істеуге мүмкіндік берейік”, – деді вице-премьер.
Бұған қоса әуе апатынан қаза тапқан 6 қазақстандықтың аты-жөні белгілі болды. Тиісті ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады: Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны. Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны. Жұмағат Эльдар, 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны. Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.