Қаржы және төлемдер

Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алатынын растады

Фото: ашық дереккөз

Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алатынын растады, деп жазды qandastar.kz

Kaspi.kz-тің негізгі акционері Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Jusan Bank акцияларының 97,5% сатып алуға өтініш бергенін хабарлады. Ал қадағалаушы мекеме өтінішті қарап шыққан соң, шешім қабылдайды. (Әдетте 50 жұмыс күні ішінде қаралады).

«Келісімнің Kaspi.kz-ке қатысы жоқ», – деді Ким.

Бастапқыда Jusan Bank (бұрынғы Цеснабанк) Цесна тобына тиесілі болатын. Ол жер бұрынғы қорғаныс министрі, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековпен байланысты. 2019 жылы банк Halyk Bank-ке сатылып, кейін First Heartland Securities тобына қайта сатылды. Қазіргі таңда банкке солар иелік етеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close