Қаржы және төлемдер
«Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметі тоқтатылды

Фото: ашық дереккөз
«Warner Bros», «Roborock» және «NFT+TRX» қаржылық пирамидаларының қызметі тоқтатылды, деп жазды qandastar.kz
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, пирамида ұйымдастырушылары салымшыларды трейлерлерді көру арқылы жоғары пайда алу деген сылтаумен жобаларға инвестиция салуға көндірген. Жоба 9 деңгейден құралып, орташа салым сомасы 225 мың теңге болған, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданды.
Мысалы, «Warner Bros» жобасы бойынша салымшылар арнайы қосымшаға тіркеліп, криптовалюта арқылы қолжетімділікті сатып алып, трейлерлерді көру үшін және жаңа салымшыларды шақыру үшін «есептелетін» сыйақылар алған.
atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, ергеу барысында салымшылардан қаражат жинау және транзит жасау үшін қолданылған криптовалюталық әмияндар анықталды. Соттың санкциясымен 3,8 млн USDT көлемінде криптоактивтерге тыйым салынды.