
фото: Жәнібек Әлімханұлының парақшасынан
Әлемдік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын америкалық жұлдыз Теренс Кроуфордтың ықтимал қарсыластарының тізіміне қосты, деп хабарлайды qandastar.kz
Бұл туралы ұйым әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарлады.
WBO жариялаған үштікке Әлімханұлымен қатар ресейлік Дмитрий Бивол мен британдық Хамза Шираз кірді.
«Жәнібек пе? Бивол ма? Шираз ба? Үш есім. Үш сынақ. Келесі жекпе-жегінде Теренс «Бад» Кроуфордқа мүмкін деген үш жол бар ма?», — деп жазды ұйым.
Айта кетейік, өткен аптада Теренс Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атанған еді. Осы жеңістен кейін ол орта салмаққа түсіп, өз мансабындағы алтыншы дивизионда белбеу иеленуді жоспарлап жүргенін мәлімдеді.
Ал Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін сәуір айында өткізген болатын.


