ЖаңалықтарСпорт

WBO Жәнібек Әлімханұлын допинг дауынан кейін де Әлем чемпионы деп жариялады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) желтоқсан айының ресми рейтингін жаңартты. Рейтингке үш қазақстандық боксшы енген, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов өз позициясын сақтап, 15-орында тұр. Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зауырбек 14-орында, бұл көрсеткіш өткен айдан өзгерген жоқ.

Орта салмақта Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз титулын сақтап қалды. Сол арқылы WBO ұйымы қазақстандық боксшыны әлі титулдан айырмағанын көрсетті. Сонымен қатар, Жәнібек Әлімханұлы IBF нұсқасы бойынша да әлем чемпионы мәртебесін сақтап отыр. Дегенмен, The Ring журналы оны өз рейтингінен шығарған.

Жәнібек Әлімханұлының мансабында маңызды шешім 2026 жылдың 8 қаңтарында қабылданады. Сондай-ақ сол күні В допинг-сынамасы ашылады.

Айта кетсек, 2025 жылғы қараша айындағы дайындық барысында Жәнібек Әлімханұлынан алынған А допинг-сынамасы мельдонийге оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.

Қазақстандық кәсіпқой бокс федерациясы бұл жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады. Ал боксшының командасы Жәнібек Әлімханұлының допинг қолданғаны туралы айыптарды жоққа шығарды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button