Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп жазды qandastar.kz
Атырау қалалық сотында 23 жастағы марқұм Яна Легкодимоваға қатысты қылмыстық іс бойынша тыңдау аяқталған болатын.
Істе негізгі күмәнділер ретінде Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов танылды.
Оларға алдын ала сөз байласып кісі өлтіру, қылмыс туралы хабарламау, оны жасыру және ұрлық жасау баптары бойынша айыптар тағылған еді.



