Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Яна Легкодимованың ісін тергеген тергеуші мерзімінен бұрын жаңа шен алды

Аса қатыгездікпен өлтірілген Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеуші Темірхан Хажмұратовтың лауазымы өсті, деп хабарлайды qandastar.kz.

Атырау облысының полиция департаментінде салтанатты шара өтті.

Салтанатты шарада қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерекше кәсіби шеберлік пен ерлік танытқан қызметкерлер марапатталды.

Марапатталғандардың арасында арнайы маңызды істер бойынша аға тергеуші, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов бар.

Оған мерзімінен бұрын полиция майоры арнайы атағы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қазан айында жоғалып кеткен Яна Легкодимованың мәйіті 8 айдан кейін табылған еді.

17 қарашада сот Янаны өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Катимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button