Жаңалықтар

«Яндекс.Такси» көлігінің терезесін кірпішпен сындырған келіншек қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде әйелдің «Яндекс.Такси» көлігін бүлдіріп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Оқиға Шымкентте бүгін таңертең болған, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада әйелдің көліктің артқы бүйір терезесін оң қолымен ұрып, кейінірек көпқабатты үйдің кіреберісіне қарай құрбысымен бірге кетіп бара жатқаны көрінеді. Алайда көп ұзамай ол қайтып келіп, үлкен тасты алып, көліктің сол терезесін сындырады. Мұнымен тоқтамай, әйел таспен көліктің артқы терезесін, басқа артқы бүйір терезесін және алдыңғы бүйір терезесін бірінен соң бірін сындырады.

Жақын маңдағы көпқабатты үйдің тұрғындары болған жайтты телефонға түсіріп алған.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бөтен мүлікті қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мен сараптама нәтижелеріне сәйкес процестік шешім қабылданады», – деді полиция өкілдері.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close