Жұмыспен қамту

Яндекс жүйесі мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларынан тиімдірек болып шықты – депутат

Фото: ХҚКО

Депутат Елнұр Бейсенбаев мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламаларын сынға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутат Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай 3,3 миллион жаңа жұмыс орнын немесе жыл сайын кемінде 470 мың жұмыс орнын ашу бойынша нақты тапсырма бергенін еске салды.

Сондай-ақ депутат мемлекеттік бюджеттің 40%-ы әлеуметтік салаға кететініне қарамастан, құрылатын жаңа жұмыс орындарының шамамен 80%-ы уақытша екенін тілге тиек етті.

«Үкімет үшін бір платформаның айқын мысалын келтіргім келеді. Мәселен, Яндекс жүйесі жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламаларына қарағанда жұмысқа орналасуда әлдеқайда тиімді болып шықты. Бейресми деректерге көз жүгіртсек, бұл жүйеде 700 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, олар 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1 триллион теңге, ал Яндекстің өзі шамамен 400 миллиард теңге табыс тапты», деді Елнұр Бейсенбаев.

Депутат қазірдің өзінде бұл жүйені 12 миллионнан астам азамат пайдаланып жатқанын атап өтті.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close