Жаңалықтар

«Яндекс» жүргізушісі әйелдердің төмен бағаны себепсіз қоятынына шағымданды

Журналист Данияр Есен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында такси жүргізушілерінің рейтингке байланысты қиындықтары туралы жазба жариялады,  деп жазды qandastar.kz.

Айтуынша, ол мінген «Яндекс» такси жүргізушісі жол ортасында әйел жолаушылардан жиі төмен баға алатынын айтып мұңын шаққан.

«Машинама ер адамның отырғаны жақсы болды. Кешеден бері тек әйелдерді тасып жүрмін. Олардың басым бөлігі аз баға қойып, рейтингімді түсіріп жіберді. Автокөлігім таза, айтылған подъезге дейін апарамын. Сонда да жоғары баға бермейді. Қалай жақпай жүрмін оларға?» – деп жүргізуші күрсінген.

Сондай-ақ, сапар соңында ол журналистке өтініш те жасаған.

«Бауырым, машинадан түскенде рейтингімді жоғары қойшы», – деген жүргізуші.

Журналист таксиден түсе салысымен қосымшаны ашып, жүргізушіге ең жоғары баға қойғанын айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button