ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Яндексті тексермек: Астанада толассыз жаңбыр жалғасып, такси бағасы шарықтап тұр

Фото: ашық дереккөз

Астанадағы толассыз жаңбыр такси құнының айтарлықтай өсуіне әсер етіп отыр, – деп хабарлайды qandastar.kz

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Яндекс бағдарламалық жасақтамасын және бағаға әсер ететін факторларды (ауа-райы, мереке күндері, сұраныстың артуы, жүргізушілердің жетіспеушілігі және т.б.) егжей-тегжейлі зерттеу үшін алгоритмдік баға белгілеу аудитін жүргізбек.

BES.media жазғандай, егер қызмет бабын асыра пайдалану фактілері анықталса, тиісті шаралар қолға алынады.

Алайда, Яндекс таксиге сұраныс артқанда, мысалы, мереке күндері немесе ауа-райының қолайсыз кезінде “арнайы алгоритм” автоматты түрде іске қосылатынын, ал ол сапар бағасын көтеретінін алға тартудан әріге бармай отыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close