Жаңалықтар
Ырысбала Икрамбай: «Қоян сияқты жылына екі рет бала туып үйдің ішін толтыру керек»

Танымал блогер, қайырымдылық жасап, елдің алғысына бөленіп жүрген Ырысбала Икрамбай желідегілерді таңғалдырды, деп хабарлайды qandastar.kz.
Ол өзінің жеке парақшасында алдағы жоспарымен бөліскен. Жуырда жаңа қонысқа көшкен ол енді ішін баламен толтыру қалды деп жазба қалдырған.
«Бар қазаққа жұғысты болсын, Алла денсаулық берсе қоян сияқты жылына екі рет бала туып үйдің ішін толтыру ғана болып тұр менікі», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.
Желі қолданушылары блогерге тілектерін жаудырған.