Әлем жаңалықтары

Ыстанбұл мэрін тұтқындауға ордер берілді, деп жазады

Фото:  ашық дереккөз

Ыстанбұл мэрін тұтқындауға ордер берілді, деп жазады    qandastar.kz

Ыстанбұл полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды операция жүргізіп жатқанын хабарлады. Соның негізінде жалпы алғанда 100-ге жуық адамды қамауға алу туралы ордер беріліп отыр. Тізімде қала мэрі Экрем Имамоғлудан бөлек, оның баспасөз хатшысы Мурат Айгюннің де аты аталады. Имамоғлудың үйінде тінту жүргізіліп, резиденциясына полиция күштері жұмылдырылды. Бұған дейін Ыстанбұл университеті Түркия Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Экрем Имамоғлудың дипломының күшін жою туралы шешім қабылдаған болатын.

atamekenbusiness_qaz хабарлағандай, бұл шаһар басшысының президент сайлауына қатысуға тосқауыл болмақ. Себебі елдің Конституциясы бойынша президенттікке үміткердің жоғары білімі болуы шарт.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close