Жаңалықтар

Ыстанбұлдан Ақтауға қонған рейс жолаушылары ұшақтан түсуге бас тартты (ВИДЕО)

Pegasus Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ Ақтөбе қаласына қонуы тиіс болған, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Алайда Ақтөбе қаласындағы қолайсыз ауа райынан Ақтауға қону туралы шешім қабылданған.

«Бортта 216 жолаушы болған. Әуе компаниясының өкілдері жолаушыларға Ыстанбұлға қайта барып, кейін 2-3 күннен кейін Ақтөбеге ұшуды ұсынды. Бұл жайтпен 186 жолаушы келіспей, Ақтөбеге өз бетінше баруды шешті», — деп хабарлады көлік министрлігі.

Ұшақ бортында Қазақстан және Ресей азаматтары болған.

Маңғыстау облысының әкімдігі ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 14:26-да Ақтау қаласына қонғанын хабарлады.

«Әуе компаниясы өкілінің айтуынша, рейстегі жолаушыларға қонақ үй және Ақтөбеге әрі қарай тасымалдау нұсқалары ұсынылды. Әуе компаниясы ертең ұшатын Ақтау-Ақтөбе рейсіне билеттер рәсімдеп жатыр. Рәсімдеу аяқталғаннан кейін 16 жолаушы ұшақтан шығады», — делінген мәлімдемеде.

16 жолаушының 11-і Ресей азаматы.

Барлық жолаушы 3 желтоқсанда Ақтөбеге жоспарланған рейстерге билеттерді алған жағдайда ұшақтан түсіп, қонақ үйге баруға келісті.

Ақтау әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр.

Жолаушыларды орналастыру мәселесі шешіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button