Әлем жаңалықтары
Юлия Навальная Ресейге оралса, президенттік сайлауға түсетінін мәлімдеді
Фото: Gian Ehrenzeller / EPA / TASS
Марқұм Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная Владимир Путин билік басына тұрғанда Ресейге оралмайтынын айтты. Ол Путинді оппозицияның жауы атады, деп жазады qandastar.kz
«Менің мақсатым – елдегі өзгерістерге куә болу, оны мүмкін ету. Ресейге оралсам, президенттік сайлауға қатысамын», – деді Навальная ВВС-ге берген сұхбатында.
Сондай-ақ әңгімеде ол Навальныйдың уланып, Германияда емделгеннен кейін бірден Ресей Федерациясына оралуы тақырыбын қозғаған.
Айта кетейік, 16 ақпанда ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Ямалдағы №3 «Полярный волк» түзеу колониясында қаза болды. Оның өлімі жайлы ақпарат шыққаннан кейін, кейбір дереккөздер Навальныйдың қаны ұйып қайтыс болғанын жеткізді. Ақпараттық кеңістікте өліміне қатысты басқа да нұсқалар пайда болған еді.