Жаңалықтар

Зайсан ауданында ауыл әкімі бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл төледі

Фото: скрин

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында Шілікті ауылының әкімі Қуаныш Төлеухан қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады qandastar.kz.

Аудандық соттың мәліметінше, оқиға 6 қазан күні әкімнің жұмыс кабинетінде болған. Сол сәтте ол ауыл тұрғындары мен қоғамдық бірлестік өкілдерінің көзінше бейәдеп сөз айтып, әдепсіздік танытқан.

Сот отырысында Қуаныш Төлеухан өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін және көпшіліктен кешірім сұрағанын айтты.

Нәтижесінде, Зайсан аудандық соты шенеунікті «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салды.

Back to top button