Шоу бизнес

«Заказчиктердің айқайы басталады»: Қайрат Нұртастың анасы ұлының тап болған қиындықтарын айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың Алматыдағы концертіне қатысты жазба қалдырды, деп жазады qandastar.kz.

Айдарбекованың айтуынша, «Алматы Аренада» өткен шоуға дейін біраз қиындықтар болған.

«Белгілі себептерге байланысты стадионды жалға алуға рұқсат берілмей, келесі айға арналған барлық даталар толып қалған еді. Тек 3–4 күндей бос уақыт қалыпты. Ал той иелеріне алдын ала берілген уәделерді бұзу мүмкін емес — тапсырыс берушілердің реніші мен арыз-шағымы көбейіп кетеді. Осындай жағдайда аяқ астынан рұқсат алып, түрлі қалаларға ұшып-қонып, небәрі үш күндік дайындықпен 40 мың адамның алдында концерт беру біз үшін үлкен уайым болды. Бірақ 20 жыл бойы күн сайын 3–4 концерттен өткізіп жүрген ұлыма бұл үлкен қиындық туғызған жоқ. Көрермендер әр әнін бірге айтып, тіпті билеп тұрды. Ауа райы да алаңдатты: күн суытып кетіп, халық тоңып қалады деп қорықтық. Бірақ Алланың қолдауы болар, концерт кезінде ауа райы жылы әрі жайлы болды, ал шара аяқталғанда ғана күрт суыды. Бұған өздеріңіз де куә болдыңыздар», — деп жазды продюсер.

Сонымен қатар ол Қайрат Нұртастың жанды дауыспен ән айтуда қиналмайтынын, сондықтан фонограммаға қатысты заң олардың еш үрейін туғызбайтынын атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button