Бүгін — Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні, деп жазады qandastar.kz.
Заманбек Қалабайұлы 1944 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында дүниеге келген. Ол Ұлы жүздің Албан тайпасының Қоңырбөрік руынан шыққан.
Осы орайда марқұм саясаткердің жұбайы, әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, бейнежазбасымен бөлісті.
«Заманбегім, заңғарым. Бүгін — Зәкеңнің туған күні. Топырағы торқа болсын», — деп жазды Мақпал Жүнісова.