Актер әрі блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен ресми түрде шағым түсіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы POLITICO.KZ-ке хабарлайды.
Оның айтуынша, бүгін ол адвокатпен жолығып, сенімхат рәсімдеген. Енді құқықтық процесс ресми түрде басталмақ.
Фариза бұрынғы күйеуінің өзіне және отбасына айтқан сөздері үшін заң алдында жауап беретінін айтып, қоғамнан қолдау сұрады.
«Адвокатпен жолықтым. Сенімхат жасап алдым, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілей беріңіздер. Айтқан әр сөзі, маған жала жапқаны, әке-шешеме, балаларым мен әулетіме тіл тигізгені үшін заң алдында жауап береді», – деп жазды ол.



