БілімЖаңалықтар

«Заң жобасы қабылданды»: Асхат Аймағамбетов дәрігерлерді қуантатын жаңалық айтты

Дәрігерлерді қорғау мәселесі бойынша ҚР Мәжіліс Депутаты Асхат Аймағамбетов пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz сайты Alash.kz-ке сілтеме жасап.

Депутаттар денсаулық сақтау қызметкерлеріне қарсы физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездік әрекеттері үшін жазаны күшейтуді көздейтін Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған болатын.

Екінші оқылымда дәрігерлерді қорғауға бағытталған заң жобасы қабылданды. Сіздер білесіздер, бұл тапсырма бойынша дәрігерлерді зорлық-зомбылықтан қорғау ісі қолға алынған еді. Сол негізде депутаттар заң жобасын әзірледі. Комитет отырыстарында қызу талқылау өтті, – деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлының сөзінше, енді қорқыту мен зорлық-зомбылық фактілері бөлек қаралатын болады. Қорқыту фактісіне қатысты жазалар жеңілдетілген: мысалы, бірінші оқылымда 600 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы енді 300 сағатқа төмендетіледі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button