Депутат Болатбек Нәжімеденовтың айтуынша, осы аптада Құрылыс кодексін талқылаған жұмыс тобының онлайн отырысында күтпеген жағдай болған. Талқылауға қосылған сарапшылардың бірі үйінде отырып, бейресми күйде – майкамен, қасында ас-суы дайын тұрған күйде жиынды тыңдап отырғаны көрінген, деп жазады qandastar.kz
Нәжімеденов бұл көріністі сынға алмады. Керісінше, ол мұны жаңа форматтағы ашықтықтың көрінісі деп қабылдағанын айтты.
«Бір сәт ойға қалдым. Бұл әдепсіздік емес. Бұрын заң жобасына осылай оңай араласу мүмкін емес еді. Бүгінде кім кеңседе, кім көлікте, кім үйінде отырса да кәсіби пікірін бірден айта алады. Маңыздысы – қатысу», – дейді депутат.
Оның пікірінше, бұл жағдай Мәжілістің расында да ашық, демократиялық және қоғамға жақын форматта жұмыс істеп отырғанының айқын дәлелі.
https://www.instagram.com/reel/DRFHgD2Ch9N/?igsh=MXJoaG1tZ3Mxb3Rm



