Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбек Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановқа үндеу жолдады

Айгүл Орынбектің айтуынша, ауылдық мәслихат депутаттарының көбі ауылда емес, қалада тұрады. Бұл жағдай халықтың сеніміне нұқсан келтіріп, ауылдың дамуына кедергі болып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz

“Ауылда тұрмайтын адам ауылдың проблемасын қайдан білсін? Түркістан облысында да осындай жағдай жиі кездеседі: депутат ауыл округінен сайланғанымен, өзі қалада өмір сүріп жатыр. Кейін «Ауыл неге дамымайды?» деп шағымданамыз. Ал ауылдың өз өкілі ауылдан безсе, кім үлгі болады?” — дейді заңгер.

Орынбектің пікірінше, қазіргі таңда ауылдық депутаттық мандат кейбіреулер үшін **тендер мен жергілікті бюджетті бөлісудің құралына** айналып кеткен.

“Ауылға депутат болу — тек атақ пен артықшылық емес, ауылдың тыныс-тіршілігін, жолын, суын, мектебін, тұрмысын білуді талап етеді. Сондықтан заңға нақты өзгеріс енгізу қажет: **ауылдық округтің депутаты міндетті түрде сол ауылда тұруы тиіс.**”

Сонымен қатар, Айгүл Орынбек әлеуметтік желілерде белсенді талқыланып жүрген Бәйдібек ауданындағы кейбір депутаттардың **қаладан шықпай, жол ережесін бұзып жүріп те сөгіспен ғана шектелгенін** сынға алды.

“Ауылдың депутаты ауылда тұрмаса, халықтың мәселесін кім шешеді? Әлде қашықтан, Wi-Fi арқылы басқара бере ме?” — деп түйіндеді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button