Жаңалықтар
Заңгер: Кореяға барып, АЭС-тің керектігін түсіндім
Фото: Aigul Orynbek фейзбук парақшасынан
Қолдарында телефон, диванда жатып алып өсек пен төсекті, тоқал алу мен уағыз тыңдаудан, қатындардың шүберегімен алысудан қазақ жігіттерінің қолдары босамай тұр!
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі АЭС салу мәселесін қазақтың әйелдері емес, ерлері көтеруі керек екенін жазды. Оның пайымдауынша, АЭС салу үшін қазақ ерлерінің санасы өсуі керек, деп хабарлайды qandastar.kzSkifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бұл туралы ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«АЭС жайлы неге жазбайсың, билікке қарсы шыға алмайсың ба?» деген диван батырларына жауап!
Корея еліне барып бізге АЭС тің керек екенін түсіндім. Бірақ, біздің елде қазақ әйелдеріне «неғып отырсың жазбай», «шықсай» деп әйелдердің артына тығалатын ер азаматтарымызбен АЭС салу әлі ерте! АЭС салуды қазақ әйелдері емес, қазақтың ер азаматтары көтеру керек! Ал ақыры менен сұрапсыңдар ойымды, енді тыңдаңдар!
Бізге АЭС салу үшін ер азаматтарымыз Корея елінің жігіттері сияқты жауапкершілігі мол болу керек! Он мың теңгесін балаларына төлеуге қимай, қашып жүрген ер азаматтарымыз тұрғанда АЭС-тің ауылы алыс! Қатын ұрудан, өлтіруден ғана дамып жатырмыз! Қазақ жігіттерінің күштері әйелдерге жетіп тұр! Ер азаматтарымыздың санасы өспей, АЭС салу әлі ерте! Қолдарында телефон, диванда жатып алып өсек пен төсекті, тоқал алу мен уағыз тыңдаудан, қатындардың шүберегімен алысудан қазақ жігіттерінің қолдары босамай тұр!
Қазақтың қыздарымен алыспай, білім алып елді дамытуға бар күш жігерлеріңді берсеңдер ғой шіркін. Қайтсем оңай ақша тапса, тендер арқылы бюджетті жесе, тез байып қыз қалашты шүберекше ауыстырып жүргендеріне мәз! Бәрі емес әрине, бірақ, көбісі осы дәрежеде!
Егерде ер азаматтарымыздың көзі ашық, көкрегі ояу, білімді, жауапкершіліктері жоғары болғанда біз қәзір бұл тақырыпты талқылап сөз таластырып отырмас едік. Біздің елден шығып жатқан табиғи байлығымыз ураннан баяғыда ақ энергия көзін алып отыратын едік. Мынау тұрған кіп кішкентай Моңғолия өзінің алты азаматын Корея Атом электро станция салатын институтында білім алғызған екен. Ал біздің елден бір жігіт білім алған оның өзі елден жұмыс таппай Түркияда қызмет жасап жатыр. Елдің Ер азаматтарының жауапкершілігі күшеймей, АЭС салу өте қауіпті!
Ақша көрсе, туған анасын сатып жіберетін жемқорлыққа толы мемлекетте, «АЭС салынсын» деп үгіт-насихат жүргізгім келмейді! Бұл билікке қарсы пікір айтудан қорқу емес, кейде үндемей қалған да дұрыс!», – деп жазды Айгүл Орынбек.