Қаржы және төлемдер

Заңсыз активтен түскен қаржы жатақхана салуға жұмсалмақ

Фото:Kazinform
Үкімет заңсыз шығарылған активтер есебінен Шымкентте мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушілері үшін 300 орындық жатақхана салу туралы шешім шығарды, деп жазады  qandastar.kz
Осы мақсатта арнаулы мемлекеттік қордан 2,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жатақхана барлық заманауи талаптарға сай болады. Жобада ұлдар мен қыздарға арналған бөлек блоктар, медициналық блок, асхана, ойын бөлмелері және басқалары қарастырылған.
Бүгінде «Сайрам көмекші мектеп-интернат-колледжі» арнайы кешенінде 363 адам оқып жатыр. Жаңа ғимараттың құрылысы 120 оқушыға арналған жатақханадағы орын тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.
Нысан 1975 жылы салынған. Қазіргі уақытта орын тапшылығына байланысты оқу орнындағы кейбір кабинеттер балаларға арналған жатын бөлмелері ретінде қарастырылған. 67 оқушы үйде оқуға мәжбүр.
“Жаңа жатақхана балалардың өмір сүруіне және олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасайды”, – делінген Үкімет таратқан хабарламада.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close