Жаңалықтар

Зардап шеккендер бар: Талдықорғандағы жеке үйде газ жарылды

Фото: қалалық ТЖД

Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында жеке үйдегі газ жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, деп жазды qandastar.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 31 желтоқсанда Талдықорған қаласының шетіндегі үйлердің бірінде газ жарылып, ауруханаға түскен 46 жастағы әйел бүгін көз жұмды. Әйелдің денесінің 96 пайызын күйік шалған.

“Зардап шеккен 7 адамның екеуі көз жұмды. Олар әйелі мен күйеуі. Қазір денесінің 38-40 пайызын күйік шалған тағы бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр», – деп хабарлады Жетісу облысының денсаулық сақтау қызметі.

Облыстық полицейлер тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету фактілері бойынша адам өліміне әкеп соқтыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Тергеу заңға сәйкес жүргізілуде, оның аясындағы басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді», – деп атап өтті Жетісу облыстық полиция департаменті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close