ЖаңалықтарШоу бизнес

Заттыбек Көпбосынұлы жарының туған күнін шетелде атап өтті

Tанымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы сүйіктісінің туған күнін Еуропада ерекше атап өтті. Ол жарына арнаған әсерлі тілегін әлеуметтік желіде бөлісіп, жан жылуын жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz

«Туған күніңмен, балапандарымның анасы, асыл жарыма!
Сені маған Алла 21 жасыңда жолықтырған еді, сондықтан мен үшін сенің жасың мәңгі 21-де. Биыл сол жасыңды Еуропада қарсы алу бұйырыпты.
Барыңа шүкір, бәріне шүкір!
Өміріміз ұзақ, жолымыз жарық болсын.
Алла бізге сыйлаған бақ пен береке таусылмасын», – деп жазды Заттыбек.

Әншінің шынайы сезімге толы жазбасы тыңдармандарының көңілін тебірентіп, жылы лебізге толы пікірлерге себеп болды.

Көпшілік: «Қандай әсерлі сөздер!», «Нағыз романтик», «Жұбайыңызбен мәңгі бақытты болыңыздар», «Үлгілі отбасы – көпке үлгі», – деген тілектерін арнады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button