Қаржы және төлемдер

Зейнетақы қорындағы қаражат: 14 мыңға жуық адам көзін емдетті

Фото: ашық дереккөз
14 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатқа көзін емдеткен. Алайда көптеген адам бұл мүмкіндікті білмейтін көрінеді. Себебі өтініш берушілердің саны тым аз, деп жазды qandastar.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында төлемдердің қайда жұмсалғаны және қанша адам өтініш бергені жайлы толық ақпарат жарияланды. Ол жерде 2021-2025 жылға дейін көрсетілген қызмет түрлері бар.

qazaqstan.tv. хабарлағандай, 2021 жылдан бері зейнетақы қорындағы қаражатқа 620 мыңға жуық адам тісін емдеткен. Ал көзін емдетуге өтініш білдіргендердің саны 14 мыңға жуықтаған.

Биылдан бастап зейнетақы қорындағы шектік мөлшерден асқан қаражатқа тісті емдетуге қатысы біраз өзгеріс енгізіледі. Яғни бұрынғыдай бірден қаражатты шотқа аудару деген болмайды.

Алдымен ақшаның 70 пайызы, қалған 30 пайызы тіс толық емделіп болғаннан кейін төленеді. Және емделушілер тістің емдетуге дейінгі және кейінгі суреттерін де ұсынуға міндеттеледі.

Барлығы қаражаттың тиісті жұмсалуы үшін жасалып жатқан қадам, деді министрлік өкілі.

«Денсаулық сақтау министрілігі 2024 жылы тамыз айында зейнетақы қорындағы ақшаны тісті емдеуге пайдалану бойынша бұйрыққа бірқатар өзгеріс енгізді. Бүгінгі таңда бұйрықтың жобасы Әділет министрлігіне жіберіледі. Әділет министрлігі 15 күн қарап, содан кейін келісілген жағдайда күшіне енеді.»Гүлнәр Сәрсенбаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close