Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін белгілі бір медициналық қызметтерге пайдалана алады, деп хабарлайды QANDASTAR ақпараттық агенттігі NewTimes порталына сілтеме жасап.
Денсаулық
Қолданыстағы ережелерге сәйкес, зейнетақы жинақтарын мына медициналық қызметтерге жұмсауға рұқсат етіледі:
-
орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
-
операциядан кейінгі тыртықтарды және туа біткен кемістіктерді түзетуге арналған реконструктивтік, қалпына келтіру (пластикалық) операциялары;
-
мастэктомиядан кейінгі қалпына келтіру;
-
радионуклидтік және радиойодтерапия, радиохирургиялық емдеу (гамма-пышақ, кибер-пышақ);
-
протон терапиясы;
-
офтальмологиялық қызметтер (мүйізгек коллагенін кросслинкинг жасау, көруді лазермен түзету).
Тұрғын үй
Зейнетақы жинақтарын бір ғана ипотекалық несиеге бастапқы жарна ретінде және/немесе тұрғын үйді сатып алумен қатар жөндеу жұмыстарына пайдалануға болады.
Тек жөндеу жұмыстарына жеке ақша алу — рұқсат етілмейді.
Өтінім қалай беріледі?
enpf-otbasy.kz платформасында «Пенсионные выплаты» (Зейнетақы төлемдері) бөлімін таңдап, тиісті мақсатты көрсетіп, ЕНПФ-ке өтінім жіберу қажет.
Бес жұмыс күні ішінде өтініш берушінің жеткілікті зейнетақы қалдығы тексеріледі. Артық қаражат болса, ақша Отбасы банкінде алдын ала ашылған арнайы шотқа аударылады.
Қаражат түскеннен кейін, өтініш беруші enpf-otbasy.kz сайтындағы «Менің өтініштерім» бөліміне кіріп, өз өтінішін ашып, талап етілген құжаттарды жүктеуі тиіс. Құжаттар дұрыс толтырылған жағдайда, тексерістен кейін қаражат ем жүргізілетін медициналық ұйымға жіберіледі.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қалдықтарын пайдалану да дәл осы тәртіппен жүзеге асырылады. Айырмашылығы — тек мақсатында.



