Жаңалықтар
Зейнетақы жинақтары жылу электр станцияларын салуға жұмсала ма – үкімет жауап берді
Қазақстандағы жаңа ЖЭС құрылысына Ресей атсалысады
Үкімет Қазақстандағы жылу электр станциялар қандай қаражаттың есебінен салынатынын түсіндірді,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың айтуынша, Көкшетау, Семей мен Өскеменде жаңа жылу электр станциялары, сондай-ақ, ГРЭС-2-нің үшінші энергетикалық блогы салынады. Осы жобалардың барлығы жеңілдетілген экспорттық қаржыландыру есебінен, яғни, энергетикалық құрал-жабдықтарды шығаратын мемлекеттің тарапынан атқарылады.
“Ол жерде Бірыңғай зейнетақы қорының қаражаты қарастырылмаған. Ал жаңа жылу электр станцияларының құрылысына жұмсалған ақша тарифпен қайтарылады”,-деді Скляр парламент палаталарының бірлескер отырысында.