Жаңалықтар

Зеленский АҚШ-қа Қадыровты ұрлап әкетуді ұсынды: Шешенстан басшысының жауабы

Рамзан Қадыров Украина президентінің АҚШ-қа оны «ұлап әкету» туралы айтқан болжамына қатаң реакция білдірді, деп жазады qandastar.kz.

Шешенстан басшысы өз пікірін Telegram-дағы арнасында жариялап, Украина президентін «скоморох» (сайқымазақ мағынасында) деп атады.

Қадыровтың айтуынша, Владимир Зеленский мұндай қадамға өзі батылы жетіп бармай, «ер адамша тікелей қауіп төндірмей», тек «қорқақтықпен ишара жасап, қауіпсіз қашықтықтан бақылаушы болып қалуды қалаған».

«Ең болмаса, ер адам болуға тырыс. Болмаса да – тырыс. Бет-бейнеңді сақта, өзіңді қорлама. Егер бойыңда еркектік қасиеттен титтей болса да бар болса, сөздерің мен өтініштеріңнің қаншалықты қорлау екенін түсінер едің. Олар сенің бейбіт реттеуді бұзуға тырысып жүргеніңді анық көрсетеді. Еске салайын: жау біздің республикаға кіре алады, бірақ қайта шыға алмайды», – деп жазды Қадыров.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button