Жаңалықтар

Зеленский әлемді Иран халқына билікті құлатуға көмектесуге шақырды

Украина президенті Владимир Зеленский Иранда жалғасып жатқан жаппай наразылықтарға қатысты пікір білдіріп, оларды «көтеріліс» деп атады, деп жазады qandastar.kz. порталы Bild басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Владимир Зеленский Ирандағы жағдайға қатысты өз ойын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. Ол жазбасын парсы тілінде қалдырған.

«Қазір Иранда болып жатқан жағдай – жаппай наразылықтар, шын мәнінде көтеріліс. Бұл Ресей үшін жағдайдың жақсармайтынының айқын белгісі. Ал бұл планетадағы әрбір адал адам Иран халқы Украинаға және басқа елдерге сонша зұлымдық әкелген қазіргі режимнен ақыры құтылуын шын жүректен қалайды», – деп жазды Зеленский.

Сондай-ақ Украина президенті әлем көшбасшыларын «өзгерістер мүмкін» болып тұрған осы сәтті жіберіп алмауға шақырды.

«Әрбір көшбасшы, әрбір ел, халықаралық ұйымдар дәл қазір іске кірісіп, өкінішке қарай Иранды бүгінгі күйге жеткізген кінәлілерді жоюға халыққа көмектесуі керек. Барлығы басқаша болуы мүмкін», – деп атап өтті Зеленский.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button