Жаңалықтар

Зеленский мен Трамптың кездесуі Жаңа жылға дейін өтеді

Зеленскийдің кеңсесі оның Трамппен кездесуі 28 желтоқсанда Флоридада өтетінін растады, деп жазады qandastar.kz. ақпараттық агенттігі kaz.inform сайтына сілтеме жасап.

20 тармақтан тұратын Украина бойынша бейбітшілік жоспарының 90 пайызы дайын, деп хабарлайды DW.

Бұл туралы 26 желтоқсан, жұма күні Украина президенті журналистермен онлайн байланыс кезінде мәлімдеді.

Украина басшысының айтуынша, 28 желтоқсанда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу барысында ол Киевтің қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты құжаттар блогын талқылауға ниетті.

Владимир Зеленский сонымен қатар Украинада президенттік сайлау мен референдум өткізу бойынша заңнамалық бастамалар бар екенін атап өтті. Осыған байланысты басты мәселе қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып қала береді.

Украина президенті келіссөздерге қатысатын барлық төрт тараптың — Украина, АҚШ, Ресей және Еуропалық одақтың келісімінсіз түпкілікті бейбітшілік келісіміне қол қоюға болмайтынын атап өтті.

2025 жылы Владимир Зеленский АҚШ-қа Ақ үй басшысымен келіссөз жүргізу үшін үш рет барды, соңғыcы 17 қазанда болды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсанда Майамиде АҚШ пен Украинаның екі күндік келіссөзі аяқталды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button