Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Зеленский Путиннің шақыруынан бас тартып, оған Киевке келуді ұсынды

Коллаж: Stan.kz

Украина президенті Владимир Зеленский Путиннің Мәскеуде бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсынысын қабылдамай, оны Киевке шақырды, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зеленский Ресей президенті Путинге Украинаға келуді ұсынды.

«Ол Киевке келсе болады. Қазір соғыс болып жатқанда, Киевтен Мәскеуге бару орынсыз әрі қолайсыз. Егер мен де оған Киевке міндетті түрде келсін десем, ол да орынсыз болар еді», – деді Украина президенті.

Зеленскийдің пікірінше, Путин мұндай ұсынысты кездесуді кейінге шегеру үшін жасаған.

Украина президенті ел күн сайын ракеталық соққыларға және шабуылдарға ұшырап жатқанда Мәскеуге бара алмайтынын айтты. Сондай-ақ Путиннің мұны «түсінетінін» жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп өзі, Путин және Зеленский арасында үшжақты кездесу өтетінін айтқан еді. Алайде Ресей мен Украина президенттерінің жеке кездесу өткізетініне күмән келтірген.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close