Украина президенті Владимир Зеленский алдағы күні Түркияға ресми сапармен баруды жоспарлап отыр. Сапардың негізгі мақсаты- Ресеймен соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер процесін қайта жандандыру жолдарын талқылау, деп жазады qandastar.kz
Зеленский Украина ұсыныстар пакетін әзірлеп қойғанын айтып, қақтығысты аяқтауға бағытталған кез келген дипломатиялық мүмкіндікті қолдану маңызды екенін атап өтті.
«Біз келіссөздерді қайта бастауға дайынбыз. Соғыстың аяқталуын жақындататын барлық ықтимал тетіктерді қарастырып жатырмыз. Бұл — біздің басты міндет», — деді ол.
Reuters агенттігіне сөйлеген түрік дереккөзіне сүйенсек, ертең Түркияға АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф та келеді және оның Зеленский қатысатын кездесуге қосылуы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Мәскеу мен Киевтің соңғы келіссөздері шілде айында өтсе де, айтарлықтай нәтиже бермеген еді.


