Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Зеленский Украина жерінен бас тартатын құжатқа қол қоймайтын болды

Украина президенті Владимир Зеленский елдің аумақтық тұтастығына қауіп төндіретін ешқандай құжатқа қол қоймайды. Бұл туралы Украина Президент кеңсесінің басшысы Андрей Ермак мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Ермактың айтуынша, территориядан бас тарту туралы кез келген келісім Украина Конституциясына және халықтың еркіне қарсы келеді.

«Зеленский президент болып тұрғанда, ешкім Украина жерінен бас тартамыз деп ойламауы керек. Ол территориядан бас тартуды көздейтін құжатқа қол қоймайды. Конституция оған тыйым салады», — деді Ермак.

Президент кеңсесінің басшысы қазіргі жағдайда ешбір «ақыл-есі түзу адам» мұндай құжатқа келіспейтінін атап өтті.

Сондай-ақ Ермак алдағы бейбіт келіссөз кезеңінде Украина ең даулы мәселе — Ресей тарапынан қойылған талаптар мен украин жерінің мәртебесі бойынша өз «қызыл сызығын» айқындайтынын айтты.

«Жер мәселесіне қатысты Украина тек қақтығысушы тараптар бақылау жасап отырған аумақтарды қандай сызықпен ажырату керегі жөнінде ғана әңгіме жүргізе алады. Қазір шынайы талқылай алатынымыз — тек шептің қай жерде өтетіні», — деп түйіндеді Ермак.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button