ДенсаулықЖаңалықтар

Зерттеу: Қара шоколад қартаюдың алдын ала ма?

Ғалымдар қара шоколадтың адам ағзасына әсерін анықтады. Зерттеу Aging журналында жарияланған,  деп хабарлайды Qandastar.kz  ақпарат порталы   Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа зерттеу нәтижесіне сай, мұнда негізгі рөлді какао-бұршағында болатын алкалоид — теобромин атқаруы мүмкін.

Зерттеушілер екі тәуелсіз регистрден алынған 1669 адамның қан үлгілерін талдады. Олар кофеин мен теобромин метаболиттерінің концентрациясын, сондай-ақ, ДНҚ-ның метилденуіндегі өзгерістерге негізделген биологиялық жас көрсеткіштерінің екі маркерін бағалады. Оның бірі жалпы «эпигенетикалық жасты», екіншісі — хромосомалардың ұшындағы қорғаныш бөліктері саналатын теломерлердің күйін көрсеткен.

Нәтижелер бойынша қанда теобромин деңгейі жоғары адамдарда биологиялық жас орта есеппен хронологиялық жасынан төмен болған. Ал кофеин де, какао мен кофеде кездесетін басқа қосылыстар да мұндай байланыс көрсетпеген.

«Біздің зерттеуіміз қара шоколадтың негізгі компоненттерінің бірі биологиялық қартаюдың баяуырақ жүруімен байланысты екенін анықтады», — деді Корольдік Лондон колледжінің зерттеушісі Джордана Белл.

Ол бұл «көбірек шоколад жеуге» шақыратын ұсыныс емес екенін, әсіресе тәтті шоколадқа қатысты сақ болу керегін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button