Ұлттық аналитика орталығы жаңа жыл қарсаңында жыл қорытындысын жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
«Жыл адамы» кім?
Зерттеу нәтижесі бойынша “жыл адамы” ретінде қазақстандықтар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты көреді. Одан кейінгі орындарда спорт және қоғам қайраткерлері тұр. Тізімде «Қайрат» футбол клубының ойыншылары, Геннадий Головкин, Димаш Құдайберген, фельдшер Ұлдана Мырзуан және Алматы әуежайында әйелді құтқарған Мұса Әбдрайым бар.
2025 жылғы мәдени трендтер
Отандық кино индустриясы қазақстандықтарды әлі де қызықтыруда. Жылдың үздік фильмдері отбасылық құндылықтар, әділдік, ішкі күш және әлеуметтік жауапкершілік тақырыптарын қамтыды. Солардың қатарында «Ауру», «Ыстық ұя», «Патруль. Соңғы бұйрық», «Офсайд» және басқалары бар.
Музыка әлемінде әнші Димаш Құдайберген көш басында тұр, ал үздік орындаушылар қатарында Кайрат Нұртас, Sadraddin, ALEM, «Ирина Кайратовна», Yenlik, Александр Лим, Raim, Молданазар, NINETY ONE, Мейрамбек Беспаев, Роза Рымбаева сияқты жұлдыздар бар. Apple Music-та ALEM «Kuiim» трегімен 3-орында, Yenlik «16 Qyz» трегімен 10-орынға жайғасқан.
Биылғы жылдың кілт сөздері
Қазақстандықтар үшін жылды сипаттайтын сөздер – цифрландыру, жасанды интеллект. Екі ең танымал сөз жылды технологиялық бағытпен байланыстырады.
Көпшілік жаңа жылды қайда қарсы алады?
Қазақстандықтардың 89%-ы Жаңа жылды отбасымен үйде қарсы алуды жоспарлап отыр. Бұл – отбасы құндылықтарына берілген үлкен мәнді көрсетеді.



