Жаңалықтар

«Жәбірленушілермен бір жақпыз»: Шерзат ісінде адвокаттар прокурорды ауыстыруды сұрады

Шерзат Болаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша сотқа тартылған тоғыз азаматтан жауап алу процесі басталды, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы.

Сот отырысында басты сотталушылардың бірі Дархан Әскентайдан жауап алу кезінде қорғау тарапы прокурор Дана Сәрсенбайға сенімсіздік білдіріп, оны ауыстыру туралы өтініш жасады.

Адвокаттардың бірі прокурордың жауап алу барысында эмоцияға ерік беріп жатқанын алға тартып, өтінішті қолдады. Ал сотталушы Әскентайдың әпкесі прокурордан мысқылсыз және салмақты сөйлеуді өтінді.

Бірақ мемлекеттік айыптаушы Сәрсенбай бұл қарсылықтың заңды негізі жоқ екенін мәлімдеді.

«Прокурорға қарсылық білдіру үшін Қылмыстық процестік кодекстің 87 және 88-баптарында нақты негіздер көрсетілген. Қорғау тарапының айтқан уәждері бұл талаптарға сай келмейді. Сондықтан өтінішті қанағаттандырудан бас тартуды сұраймын», – деді ол.

Судья бұл мәселе бойынша шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close