Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жағдай – бақылауда»: Air Astana Иранның әуе кеңістігін айналып ұшады

Air Astana әуекомпаниясы ұшақтар Иранның әуе кеңістігін айналып ұшатынын хабарлады, деп жазады qandastar.kz порталы.

Себебі – Иранның әуе кеңістігінің жабылуы.

«Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады», — делінген мәлімдемеде.

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды.

Компания жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұрайды, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button