«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі әскери қызметшінің атыс қаруынан өзін-өзі жарақаттау дерегі бойынша тексеріс бастады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жазатайым оқиға 13 қаңтар күні сағат 15:05 шамасында болған.
Жауынгерлік даярлық жоспары аясында 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілер оқу полигонында оқу атыстарын өткізді.
«2-2025 шақырылымындағы мерзімді әскери қызметші қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан АК-74 атыс қаруымен өзін-өзі жарақаттап алды. Оқ оның сол жақ аяғының балтырын жанап өткен», — делінген мәлімдемеде.
Оқиға орнында оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді.
Әскери қызметшінің жағдайы қанағаттанарлық, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған.
Аталған дерек бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.



