Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас жаңа жылды отбасымен бірге жарқын саяхаттан бастады. Өнер иесі жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімовамен және бес баласымен бірге Мальдив аралдарына ұшып кеткен. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы CMN.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық шоу-бизнестегі ең көп талқыланатын жұптардың бірі жаңа жылдық демалыс үшін Үнді мұхитындағы экзотикалық аралдарды таңдаған.
Жанкүйерлер сапар жайлы жұптың ортаншы қызы, блогер Алау Нұртастың Instagram парақшасынан білді. Ол әлеуметтік желіде ұзақ уақыт көрінбей кетуінің себебін өзі түсіндірді.
«Әлеуметтік желіде болмауымның себебі – Мальдив аралдарына ұшуымыз. Барлығымыз қатты қобалжыдық. Ал мұнда келген соң өте жағымсыз жағдай болды», – деп жазды Алау Stories бөлімінде.
Ол болған оқиғаның егжей-тегжейін әзірге жария етпей, кейінірек толық айтып беруге уәде етті.



