
Түп тереңдету жұмыстарының жалпы ұзындығы 1600 метр, ені 20 метр және тереңдігі 1,2 метрді құрайды.
Қазіргі уақытта мердігер мекеме түп тереңдету жұмыстарына “ЗРС-Г”, “Ватермастер-1”, “Ватермастер-2” жер сорғыш снарядтарын (землесосный снаряд) қолданып жатыр.
3 маусым күнгі ахуал бойынша, «Қазақстан су жолдары» РМҚК тапсырысымен барлығы 2643 метр жер қазылып, 16 686 м3 топырақ алынды.
Бас мердігер — «ПавлодарӨзенПорты» АҚ. Сонымен қатар, “ДМ ЭКО КАСПИАН” ЖШС 2350 метр түп тереңдету жұмыстарын жасады.