Жаңалықтар
Жайықтағы су деңгейі тағы да көтерілді: жедел штаб Атырау облысындағы жағдайды баяндады

Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, Жайықтағы су деңгейі 18 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда анағұрлым көтерілген: Индербор ауылында — 6 см, су деңгейі — 1021 см, шекті деңгейі — 845 см; Махамбет ауылында + 3 см, су деңгейі — 1011 см, шекті деңгейі — 850 см; Атырау қаласында + 4 см, су деңгейі- 570 см, шекті деңгейі — 550 см; Жаңаталап ауылында + 2 см, су деңгейі — 412 см, шекті деңгейі — 500 см; Еркінқала ауылында + 2 см су деңгейі — 370 см, шекті деңгейі — 450 см.